Олимпиададағы 3-ші алтын - Мая Манеза!

Мая Манеза 63 кг салмақта Олимпиада рекордын жаңартып алтын медальді жеңіп алды!
Қазақстан қоржынындағы 3-ші алтын!


Енді 17 күннен кейін (шілденің 27-сі) әлемдік деңгейдегі үлкен спорт додасы – Лондон олимпиадасы шымылдығын түреді. Ағылшын жерінде өтетін жазғы Олимпиадаға дүниежүзі бойынша он жарым мыңнан астам спортшы қатыспақшы. Барлығы 39 спорт түрінен 302 медаль жиынтығы сарапқа салынатын байрақты бәсекеге атақты палуанымыз Нұрмахан Тінәлиев бастаған 114 спортшымыз аттанғалы отыр. Бірақ біздің айтпағымыз басқа мәселе…

USA TODAY басылымы Қазақстан Лондон Олимпиадасында 6 алтын, 3 күмiс, 3 қола алып, жалпы есепте 24 орынға тұрақтайды деп топшылап отыр.